Organisation pour la sécurité et la coopération en Europe (OSCE) · report

БҰҰ мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенция (қарапайым тіл форматында)

OSCE
Voir le document original

Le texte intégral est hébergé par l’organisation qui le publie. lawenc.com indexe les métadonnées et renvoie vers la source officielle.

Texte intégral

БҰҰ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯСЫ ҚАРАПАЙЫМ СӨЗДЕРМЕН НҰСҚА

4 5 АЛҒЫС СӨЗ «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары офисі осы басылымды дайындағандары үшін Қазақстанның мына сарапшылары мен иллюстраторына алғыс білдіреді: Ляззат ҚАЛТАЕВА, ҚР Парламенті сенаторы Ғайни НҰРҚАБАЕВА, аудармашылар тобы жетекшісі Гүлбаршын БАЛҒОЖИНА, аудармашы Бағлан МИЗАМХАН, аудармашы Камшат ӘБДІРАЙЫМ, аудармашы Алуа АМАНТУРЛИНА, аудармашы Нуржамал ИМИНОВА, жоба үйлестірушісі Маргарет ФАРРЕЛ (Margaret Farrell), ДИАҚБ, Ирландия Айкен АСЫЛБЕК, иллюстратор Осы басылымның шығуы Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалары офисінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды. АЛҒЫСӨЗ «БҰҰ Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясы. «Қарапайым сөздермен» нұсқасы» басылымы ақыл-ой қабілеті бұзылған оқырмандарға арналған және Easy-to Read форматында немесе «Қарапайым сөздермен» қазақ тіліндегі алғашқы аударма. «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» (Қазақстан) осы басылымды шығару бастамасымен мынадай мақсатты көздейді: өз құқықтарын білулері, құқықтарын жүзеге асырулары және басқалармен бірдей қорғау жолдары туралы хабардарлықтарын арттыру арқылы бүкіл әлемде ақыл-ой қабілеті бұзылған адамдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ықпал ету. «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» 2001 жылдан бастап Орталық Азия елдерінде мүгедектігі бар адамдарға қатысты тең құқықтар мен мүмкіндіктерді адвокаттандыру қызметімен айналысып келеді. Аймақтық қызметтің негізгі назары БҰҰ-ң Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясының ережелерін ұлттық заңнамаларға енгізу және олардың іс жүзінде орындалуларын қадағалау мәселелеріне бағытталған. БҰҰ-ң Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары туралы конвенциясын «Қарапайым сөздермен» форматында қазақ тіліне аудару аудармашылар тобымен жүзеге асырылды және дамуы мен ақыл-ой қабілеті бұзылған адамдарға түсінікті болатындай мәтіндер мен иллюстрацияларды дайындауда халықаралық тәжірибе негізге алынды. Осы басылымды әзірлеудің барлық кезеңдері ақыл-ой қабілеті бұзылған адамдардың қатысуымен тексеріліп отырылды. Олардың көмектері арқасында мәтіндер мен иллюстрациялар барлығымызға түсінікті болатындай форматқа бейімделді. Ізгі тілекпен оқуларыңызға ұсынамыз, пайдалы болсын! Татьяна Баклажанская, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ-і төрайымының м.а.

7 Маңызды сөздер мен ұғымдар А Абилитация – адамды қандай да бір дағдыға бейімдеу. Адвокат – құқығы бұзылған адамды сотта қорғайтын адам. Азаматтық – адамның мемлекетпен байланысы. Б Біріккен Ұлттар Ұйымы – түрлі мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ұйым. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы – Біріккен Ұлттар Ұйымының бастығы. Е Есеп – барлық ақпараттар жинақталып, жазылатын құжат. З Заң – барлық адамдарға бірдей бұзуға болмайтын ережелер. Заңгер – заң бұзылғанда адамға көмек беретін адам.

8 9 К Кәсіподақ – еңбек құқығын қорғау үшін адамдардың бірге жиналуы. Кәсіпорын – зат, тауар шығарады, ол жерде адамдар жұмыс істейді. Кемсіту – мүгедектігі бар адамның құқығын бұзу. Конвенция – Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған құжат. Бұл құжатта мүгедектігі бар адамның барлық құқығы жазылған. Көмекші құрал – мүгедектігі бар адамның өмірін жеңілдететін пайдалы құрал. Қоғам – бір елде тұратын адамдар. М Мүгедектігі бар адам – денесінде не ақыл-ойында ерекшелігі бар адам. Мүгедектік – бұл адам денесіндегі не ақыл-ойындағы қандай да бір ерекшелік. Ондай адамның құлағы естімейді, көзі нашар көреді немесе мүлдем көрмейді. Ондай адам арбамен жүреді, таяқ ұстап жүреді, есінде сақтай алмайды, ойын айта алмайды, сөйлей алмайды. Ондай адамның басқа да ерекшелігі болуы мүмкін. Мүгедектер құқығы жөніндегі Комитет – Конвенцияның орындалуын тексеретін ұйым. О Орган – бір арнайы жұмыспен айналысатын мекеме. П Полиция – бұл қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қадағалайтын орган. С Саясат – адамдардың құқығын қорғау үшін жасайтын іс-әрекет. Саяси партия – адамдардың құқығын қорғау үшін жиналған адамдар ұйымы. Сексуалды және репродуктивті денсаулық – балалы болу денсаулығы. Сот – бұл заң орындалмаған кезде арыз жіберілетін орын. У Универсалды дизайн – барлық адамдарға бірдей ыңғайлы орта құру. Мысалы, пандус, лифт, тұтқа.

10 11 Қарым-қатынас — мүгедектігі бар адамның сөйлесу және ақпарат алу құралы. Мүгедектігіне байланысты кемсіту деп мүгедек адамның құқығын бұзуды айтамыз. Көмекші құралдар дегеніміз мүгедектігі бар адамның өмір сүруі мен жүріп-тұруын жеңілдету тәсілдері. Мысалы, мүгедектер арбасы, ақ таяқ, дыбыс аппараты. Универсалды дизайн дегеніміз барлық адамдарға ыңғайлы болатындай заттарды кедергісіз қолдануға жағдай жасау. Мысалы, пандус, лифт. 2. Сөздердің мағынасы 1. Мақсаты Тіл ымдау сияқты сөйлеу тәсілі. Конвенция — мүгедектігі бар адамның құқығы мен негізгі бостандығы туралы құжат. Әр адамның таңдау жасау құқығы бар. Мүгедектігі бар адамды кемсітуге болмайды. Мүгедектігі бар адамды кемсітпей, құрметтеу керек. 3. Негізгі ұғымдар Мүгедектігі бар адамның қоғам өміріне араласу құқығы бар.

12 13 Мүгедектігі бар адамның басқалармен бірдей құқығы бар. Әйел адам мен ер адамның құқығы бірдей. Мүгедектігі бар баланы басқамен бірдей құрметтеу керек. Мүгедектігі бар баланың дамуына көмектесу керек. 4. Мемлекет не істеуі керек? Мемлекет мүгедектігі бар адамға басқалармен бірдей қарайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамның бостандығы мен құқығын құрметтейді. Мемлекет мүгедектігі бар адам үшін заң қабылдайды. Мемлекет осы Конвенцияны орындайды.

14 15 Мемлекет мүгедектігі бар адамды кемсітуге жол бермейді. Мемлекет мүгедектігі бар адамды қорғайды. Мемлекет қызмет түрлерін мүгедектігі бар адам үшін оңай етіп жасайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамға жаңа технологияны үйретеді. Мемлекет мүгедектігі бар адамға ақпаратты түсінікті және қарапайым тілде береді. Мемлекет мүгедектігі бар адамды Конвенциямен таныстырады. Мүгедектігі бар адамның білім алу құқығы бар. Мүгедектігі бар адамның үй сатып алу құқығы бар. Мүгедектігі бар адамның медициналық көмек алу құқығы бар.

16 17 5.Теңдік және кемсітпеу Заң алдында адамдардың бәрі бірдей. Мемлекет мүгедектігі бар адамды кемсітуге тыйым салады. Мүгедектігі бар адамның заң қабылдауға қатысу құқығы бар. 6. Мүгедектігі бар әйел адам Мемлекет мүгедектігі бар әйел адам мен қыз баланы кемсітуге тыйым салады. Әйел адам мен қыз баланың құқығы тең. 7. Мүгедектігі бар балалар Мүгедектігі бар баланың құқығы басқалармен тең. Заң мүгедектігі бар баланы қорғайды. Мемлекет мүгедектігі бар баланың пікірін ескереді. 8. Ағарту-тәрбие жұмыстары Мемлекет адамдарға мүгедектікті түсіндіреді.

18 19 Мемлекет мүгедектігі бар адамның не істей алатынын көрсетеді. Мемлекет балаларға мүгедектігі бар адамның құқығын түсіндіреді. Газет-журнал мүгедектігі бар адамның құқығы туралы жазады. 9. Ақпарат пен қызмет алу Мемлекет әр салада мүгедектігі бар адам үшін жағдай жасайды. Мүгедектігі бар адам ауруханаға, мектепке кедергісіз бара алады. Мүгедектігі бар адам қоғамдық көлікті еркін пайдалана алады. Мүгедектігі бар адам ақпарат ала алады. Мүгедектігі бар адам ақпаратты қарапайым және түсінікті тілде ала алады. Мүгедектігі бар адам Брайль әліппесін қолдана алады.

20 21 Мүгедектігі бар адам қоғамдық орындарда ым тілінде сөйлей алады. Мемлекет мүгедектігі бар адамға қызмет түрлері туралы ақпарат береді. Мемлекет мүгедектігі бар адамды қосымша оқытады. Мемлекет мүгедектігі бар адамның еркін жүріп-тұруына жағдай жасайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамға жаңа технологияны үйретеді. 10. Өмір сүру құқығы Әр адамның өмір сүру құқығы бар. Мүгедектігі бар адам басқалармен бірдей жайлы өмір сүре алады. 11. Төтенше жағдай Соғыс, өрт, жер сілкінген немесе су тасыған кезде мүгедектігі бар адамның қауіпсіздігін қорғау керек.

22 23 12. Адамдар заң алдында тең Заң алдында барлық адам тең. Заң мүгедектігі бар адамның құқығын қорғайды. Мүгедектігі бар адам жақсы көрген ісін таңдай алады. Заңгер мүгедектігі бар адамға құқығын түсінуге көмектеседі. Мүгедектігі бар адам шешім қабылдағанда қалаған көмекті ала алады. Мүгедектігі бар адам түсініксіз құжатқа қол қоймайды. Мүгедектігі бар адам керек емес зат сатып алмайды. Мүгедектігі бар адам ұнамайтын іспен айналыспайды. Мүгедектігі бар адам үй сатып ала алады. Мүгедектігі бар адам ақшасын өзі жұмсай алады. Мүгедектігі бар адам қарызға ақша ала алады. Мүгедектігі бар адам дүкен аралай алады.

24 25 13. Сотқа арыздану Мүгедектігі бар адам сотқа арыздана алады. Мүгедектігі бар адам адвокат көмегін ала алады. Мемлекет мүгедектігі бар адамның құқығын қорғауға көмектеседі. Мүгедектігі бар адаммен жұмыс істейтін түрме, сот немесе полиция қызметкері арнайы оқуға қатысуы керек. 14. Бостандық және жеке бас қауіпсіздігі Мүгедектігі бар адамның еркін және қауіпсіз өмір сүру құқығы бар. Мүгедектігі бар адамды мүгедектік себебімен түрмеге қамауға болмайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамға түрмеде қажетті жағдай жасауы керек. Мысалы, пандус орнатады, арба береді. Мемлекет мүгедектігі бар адамға оның құқығы туралы айтуы керек.

26 27 Мемлекет мүгедектігі бар адамға сотта көмек беруі керек. Мемлекет мүгедектігі бар адамның ісін сотта дұрыс қарауы керек. 15. Мүгедектігі бар адамды қинауға болмайды Мүгедектігі бар адамды қинауға немесе азаптауға болмайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамды қинауға тыйым салатын заң қабылдайды. 16. Мүгедектігі бар адамды қорлауға болмайды Мүгедектігі бар адамның құқығы басқа адамның құқығымен тең. Мемлекет мүгедектігі бар адамды үйде немесе басқа жерде қорлауға, азаптауға құлдыққа салуға тыйым салады. Мемлекет мүгедектігі бар адам баратын жердің бәрін тексереді.

28 29 Мемлекет азапталған адамға қажетті көмек көрсетеді. Мемлекет азаптаған адамға жаза қолданады. Мемлекет мүгедектігі бар әйел адамды, ер адамды және баланы азаптаудан қорғайтын заң қабылдайды. Мүгедектігі бар адам өзін қалай қорғау туралы ақпарат ала алады. Мүгедектігі бар адам қорлау көрсе, ол қайда бару және кімге арыз беретінін білуі керек. 17. Адамды құрметтеу және оның қауіпсіздігі Мемлекет әрбір мүгедектігі бар адамды құрметтейді. Мемлекет мүгедектігі бар адамның қауіпсіздігін қорғайды. 18. Көшу бостандығы және азаматтық Мүгедектігі бар адамның азаматтығын және тұратын жерін таңдау құқығы бар. Мемлекет мүгедектігіне байланысты адамның азаматтығын алып қоюға тыйым салады. Мүгедектігі бар адамның азаматтық алу және өз қалауымен оны өзгерту құқығы бар. Мүгедектігі бар адамның төлқұжат және өзіне қажетті басқа құжаттарды алу құқығы бар. Мүгедектігі бар адамның елден көшіп кету құқығы бар. Мүгедектігі бар баланың туғанынан тіркелу, есім алу және азаматтық алу құқығы бар.

30 31 19. Өз бетімен өмір сүру және қоғам өміріне қатысу Мүгедектігі бар адамның басқалармен бірдей өз бетімен тұру құқығы бар. Мүгедектігі бар адам қай жерде және кіммен тұратынын таңдай алады. Мүгедектігі бар адамның ұнамайтын жерде тұрмауға құқығы бар. Мүгедектігі бар адам мемлекеттен түрлі қызмет және көмек ала алады. 20. Өз бетімен жүріп-тұру Мемлекет мүгедектігі бар адамның өз бетімен жүріп-тұруы үшін оған қажетті жағдайды жасайды. Мүгедектігі бар адам өзі қалаған кезде, уақытта және арзан бағаға жүріп-тұра алады. Мысалы, жаяу, автобус не такси. Мемлекет мүгедектігі бар адамды өз бетімен жүріп-тұруға үйретеді. Мемлекет мүгедектігі бар адамға көмек беретін мамандарды, көмекші адамдарды оқытады. Мемлекет көмекші құрал жасайтын кәсіпорындарды қолдайды.

32 33 21. Сөз бостандығы және ақпарат алу Мүгедектігі бар адамның өз ойы мен көзқарасын еркін айту құқығы бар. Мүгедектігі бар адамның өзіне қажетті кез келген ақпаратты іздеуге, сұрауға және алуға құқығы бар. Мемлекет мүгедектігі бар адамға ақпаратты түсінікті тілде беруге міндетті. Мемлекет ақпаратты Брайль әліппесі немесе ым тілінде береді. Мемлекет қызметті түсінікті тілде көрсетуі тиіс. Мемлекет газет-журнал, интернет пен теледидардың ақпаратты түсінікті тілде жеткізуін қадағалайды. Мемлекет ым тілін қабылдайды. 22. Жеке өмірді құрметтеу Мүгедектігі бар адамның жеке өмірін құпия ұстауға құқығы бар. Мүгедектігі бар адамның жеке өміріне, отбасына заңсыз араласуға болмайды. Мемлекет мүгедектігі бар адам туралы, оның денсаулығы туралы ақпаратты жариялауға тыйым салады.

34 35 23. Үй және отбасын құрметтеу Мемлекет мүгедектігі бар адамның жеке өмірі және отбасы құқығын қорғайды. Мүгедектігі бар адамның өз қалауымен үйленуге және отбасын құруға құқығы бар. Мүгедектігі бар адам қанша бала және қашан туатынын өзі шешеді. Мүгедектігі бар адамның балалы болу құқығы бар. Мемлекет мүгедектігі бар адамның бала асырап алуына және бағуына көмектеседі. Мүгедектігі бар баланың отбасымен бірге тұру құқығы бар. Баланы ата-анасынан заңсыз бөлуге болмайды. Мемлекет барлық жағдайда баланы қорғайды. Мемлекет ата-ана болуға көмек көрсетеді.

36 37 24. Білім алу Мүгедектігі бар адамның білім алу құқығы бар. Мүгедектігі бар адам өзін дамыта алады. Мүгедектігі бар адам өзі ұнатқан нәрсені үйрене алады. Мүгедектігі бар адам өзі қалаған мектепке бара алады. Мүгедектігі бар адам сапалы және ақысыз білім ала алады. Мүгедектігі бар адам қажетті көмекші құралдарды ала алады. Мүгедектігі бар адам оқуына қажетті көмек ала алады. Мемлекет мүгедектігі бар адамға кемсітпей білім беруі тиіс. Мемлекет мүгедектігі бар адамның қоғам өміріне еркін қатысуына мүмкіндік жасайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамның білім алуын жеңілдетеді. Мемлекет мүгедектігі бар адамның қоғам өміріне араласуын қолдайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамға қоғамда өмір сүруді үйретеді. Мемлекет Брайль әліппесі сияқты қарым-қатынас түрлерін үйретеді. Мемлекет ым тілін үйретеді және оны басқаларға жеткізеді. Мемлекет мұғалім, оқытушы, көмекшілер дайындайды. Мемлекет арнайы кітаптар, көмекші құралдар шығарады. Мемлекет мүгедектігі бар адамның жоғары және кәсіби білім алуын қолдайды. Мемлекет мүгедектік себебімен мүгедектігі бар бала және ересек адамның білім алуына кедергі жасауға тыйым салады. 25. Денсаулық Мүгедектігі бар адамның денсаулығын сақтау құқығы бар. Мүгедектігі бар адам өзіне қажетті денсаулық сақтау қызметін ала алады. Мемлекет мүгедектігі бар адамға денсаулық сақтау қызметінің кемсітусіз және тең жағдайда берілуін бақылайды. Мүгедектігі бар адамға берілетін денсаулық сақтау қызметі тұратын жерінде берілуі тиіс. Мысалы, қалада, ауылда.

38 39 Мүгедектігі бар адамға берілетін денсаулық сақтау қызметі сапалы болуы керек. Мүгедектігі бар адамды медициналық көмектен шеттеуге болмайды. Мемлекет мүгедектік себебімен мүгедектігі бар адамға денсаулық сақтау қызметін бермеуге тыйым салады. Мүгедектігі бар адамның сексуалды және репродуктивті денсаулық туралы ақпарат және ем алу құқығы бар. 26. Абилитация және оңалту Мемлекет мүгедектігі бар адамның тәуелсіз және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамның оқуына, жұмыс істеуіне көмектеседі. Мемлекет мүгедектікті ерте анықтауға жағдай жасайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамның іс-әрекетін дамытуға көмектеседі. Мемлекет абилитация және оңалту бойынша түрлі бағдарламалар әзірлейді. Мамандар дайындайды. Мемлекет көмекші құралдар мен технологияларды қолданысқа енгізеді.

40 41 27. Жұмыс істеу Мүгедектігі бар адамның басқалармен бірдей жұмыс істеу құқығы бар. Мемлекет мүгедектігі бар адамдармен бірігіп, жұмыс туралы заң қабылдайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамның жұмыс істеу құқығын қорғайды. Мемлекет жұмыс ұсынғанда мүгедектігі бар адамның таңдауын және мүмкіндігін ескереді. Мемлекет мүгедектік себебімен мүгедектігі бар адамды кемсітуге тыйым салады. Мемлекет мүгедектік себебімен жұмысқа алмауға тыйым салады. Мемлекет мүгедектік себебімен жұмыстан шығаруға тыйым салады. Мүгедектігі бар адам жұмыста басқалармен тең жалақы алады. Мүгедектігі бар адамның кәсіподақ ұйымына кіру құқығы бар. Мүгедектігі бар адам жалақысы жоғары жұмысқа ауыса алады. Мүгедектігі бар адамның кәсіби білімін жақсарту құқығы бар. Мүгедектігі бар адам жұмыста арнайы жұмыс орнын талап ете алады. Мүгедектігі бар адам жұмыста көмекші құралдар талап ете алады. Мемлекет мүгедектігі бар адамның жаңа кәсіпке үйренуіне көмектеседі. Мемлекет мүгедектігі бар адамның жеке кәсіпорын ашуына көмектеседі. Мемлекет мүгедектігі бар адамның мемлекеттік жұмысқа тұруын қолдайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орны бар кәсіпорынды ашады.

42 43 Мемлекет мүгедектігі бар адам жұмыс істеуі үшін барлық жерде универсалды дизайн болуын бақылайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамға жалақысыз жұмыс істетуге тыйым салады. Мемлекет мүгедектігі бар адамның құлдыққа түспеуін бақылайды. 28. Сапалы өмір және әлеуметтік қорғау Мүгедектігі бар адамның және оның отбасының сапалы өмір сүру құқығы бар. Мемлекет мүгедектігі бар адамға жағдайын жақсартуға көмектеседі. Мемлекет мүгедектігі бар әйел адамды, қыз баланы және қарт адамды қорғайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамда тұрғын үй, тамақ, киім, су болуын қолдайды және бақылайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамның тұрмыс жағдайы төмен болса, оған ақшалай көмектеседі. Мемлекет мүгедектігі бар адамның үйі болмаса, оған үй береді. Мемлекет мүгедектігі бар адамға пенсия және жәрдемақы береді.

44 45 29. Саяси өмірге араласу Мүгедектігі бар адамның саясатқа және қоғам өміріне қатысу құқығы бар. Мемлекет мүгедектігі бар адамның саяси өмірге қатысуын қолдайды. Мысалы, сайлауға, саяси партия құруға. Мүгедектігі бар адамның сайлауға қатысу құқығы бар. Сайлау орны мүгедектігі бар адам үшін кедергісіз болуы тиіс. Сайлау туралы ақпарат мүгедектігі бар адамға түсінікті болуы керек. Мысалы, Брайль. Мүгедектігі бар адамның дауыс беру құқығы бар. Мүгедектігі бар адам кімге дауыс беретінін өзі шешеді және дауысын жасырын береді. Мемлекет мүгедектігі бар адамды саясатқа қатыстырады. Мүгедектігі бар адам басқару органдарына сайлауға қатыса алады. Мысалы, Парламентке, мәслихатқа депутат бола алады. Мүгедектігі бар адам саяси партия құра алады және оны басқара алады. Мүгедектігі бар адам түрлі ұйым құра алады. Мүгедектігі бар адам түрлі ұйымды басқара алады. 30. Спорт, мәдениет, өнер және демалыс Мүгедектігі бар адамның өнер және демалыс орнына бару құқығы бар. Мысалы, театр, концерт, стадион, спорт алаңы. Мүгедектігі бар адамның спортпен айналысу құқығы бар. Барлық адам баратын өнер және демалыс орындары мүгедектігі бар адамға ыңғайлы болуы тиіс. Мемлекет кітапты түсінікті қылып шығарады.

46 47 Мемлекет кино, фильмді мүгедектігі бар адамға түсінікті қылып шығарады. Мемлекет мүгедектігі бар адамның музей, театр сияқты жерлерге баруына жағдай жасайды. Мемлекет мүгедектігі бар адамның өнерін дамытуға және өнерпаз болуына көмектеседі. Мемлекет мүгедектігі бар адамның өнеріне тыйым салатын заң қабылдамайды. Мүгедектігі бар баланың басқалармен бірдей спортпен айналысу құқығы бар. Мемлекет мүгедектігі бар адамға спорт немесе демалыс орындарында көмек көрсетеді. 31. Ақпарат жинау Мемлекет мүгедектігі бар адамға көмектесу үшін қажет ақпаратты жинайды. Мемлекет мүгедектігі бар адам туралы жеке мәліметтерді таратуға тыйым салады. Мемлекет мүгедектігі бар адамның ар-намысын құрметтейді. Мүгедектігі бар адамның ақпаратты түсінікті тілде алу құқығы бар. 32. Мемлекеттер бірігіп жұмыс істейді Мүгедектігі бар адамды қорғау үшін мемлекеттер бірігіп жұмыс істейді. Мемлекеттер бұл жұмысқа мүгедектігі бар адамды қатыстырады.

48 49 Мемлекеттер бір-бірімен ақпарат, тәжірибе алмасады. 33. Конвенцияның орындалуын тексеру Конвенцияның қалай орындалғанын арнайы әдіспен тексереді. Мүгедектігі бар адам да осы Конвенцияның қалай орындалғанын тексеруге қатыса алады. 34. Мүгедектер құқығы жөніндегі Комитет Осы Конвенцияның орындалуын Мүгедектер құқығы жөніндегі Комитет тексереді. Комитеттің мүшелерін мемлекеттер бірігіп сайлайды. Комитеттің мүшелері мүгедектігі бар адамның құқығы туралы біледі. 35. Мемлекет есеп береді Мемлекет осы Конвенция бойынша істеген жұмысы туралы есеп береді. Мемлекет есебін төрт жылда бір рет Комитетке жібереді. Комитет мемлекетке есеп бойынша не істеу керегін айтады. Құқығы бұзылғанда мүгедектігі бар адамның Комитетке шағымдану құқығы бар.

50 51 36. Есеп туралы Комитет есеп бойынша мемлекетке кеңес береді. Мемлекет есебін жібермесе де, Комитет Конвенция бойынша не істелгенін тексереді. Бұл есепті барлық адам оқи алады. Мемлекет есепті жариялауға міндетті. Комитет басқа ұйыммен есеп бойынша ақылдаса алады. 37. Мемлекеттер мен Комитет бірігіп жұмыс істейді Барлық мемлекеттер Комитет жұмысына көмектеседі. Комитеттің сұрауы бойынша қажетті ақпаратты береді. 38. Комитет басқа органмен қалай жұмыс істейді? Барлық мемлекет пен органдар осы Конвенцияны орындау үшін бірігіп жұмыс істейді. Комитет жиналысына басқа ұйымдарды шақыра алады. Комитет қажет болса адам құқығы жөніндегі ұйыммен ақылдасады.

52 53 39. Комитеттің есебі Комитет екі жылда бір рет Біріккен Ұлттар Ұйымына есеп береді. Комитет есепке мемлекеттерге берген ұсыныстарын енгізеді. 40. Мемлекеттердің кездесуі Мемлекеттер жұмысты талқылау үшін жиналады. Кездесуді Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы өткізеді. 41. Ақпарат пен есептерді сақтау Конвенция бойынша ақпарат пен есепті Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы сақтайды. 42. Қол қою Мемлекеттер осы Конвенцияға 2007 жылдың 30 наурызында Нью-Йорк қаласында қол қойды. 43. Келісу және мақұлдау Қол қойған мемлекет Конвенцияны орындауға келіседі. Қол қоймаған мемлекет те Конвенцияға қосыла алады. 44. Мемлекеттер одағы Кейбір мемлекеттер өзара бір одаққа бірігеді. Мұндай одақтар Конвенцияға қосыла алады.

54 55 45. Конвенцияның күшіне енуі Конвенция 20 мемлекет қол қойғанда күшіне енеді. 46. Ескерту Мемлекет Конвенция бойынша ескерту жасай алады. Біріккен Ұлттар Ұйымы мүгедектігі бар адамның құқығын бұзған мемлекеттің талабын қабылдамайды. 47. Конвенцияға түзету енгізу Мемлекет Конвенцияға түзету енгізе алады. Мемлекет ол үшін Біріккен Ұлттар Ұйымына хат жазады. Конвенция мәтінін өзгерту үшін мемлекеттер бас қосады. Көп мемлекет дауыс берсе ғана Конвенция мәтіні өзгертіледі. 48. Конвенциядан бас тарту Мемлекет Конвенциядан бас тарта алады. 49. Конвенцияның түсінікті болуы Конвенция мәтіні бәріне түсінікті болуы тиіс. 50. Конвенция тілдері Конвенция алты тілде жазылған. Осы тілдердің бәріндегі ақпарат бірдей.

Мазмұны Алғысөз.........................................................................................................4 Алғыс сөз. .....................................................................................................5 Маңызды сөздер мен ұғымдар...................................................................7 1. Мақсаты..................................................................................................10 2. Сөздердің мағынасы.............................................................................10 3. Негізгі ұғымдар. .....................................................................................11 4. Мемлекет не істеуі керек?. ....................................................................13 5. Теңдік және кемсітпеу...........................................................................16 6. Мүгедектігі бар әйел адам . ..................................................................16 7. Мүгедектігі бар балалар........................................................................17 8. Ағарту-тәрбие жұмыстары....................................................................17 9. Ақпарат пен қызмет алу .......................................................................19 10. Өмір сүру құқығы..................................................................................21 11. Төтенше жағдай...................................................................................21 12. Адамдар заң алдында тең..................................................................22 13. Сотқа арыздану....................................................................................24 14. Бостандық және жеке бас қауіпсіздігі.................................................25 15. Мүгедектігі бар адамды қинауға болмайды ......................................26 16. Мүгедектігі бар адамды қорлауға болмайды . ..................................27 17. Адамды құрметтеу және оның қауіпсіздігі..........................................28 18. Көшу бостандығы және азаматтық. ....................................................29 19. Өз бетімен өмір сүру және қоғам өміріне қатысу..............................30 20. Өз бетімен жүріп-тұру ........................................................................31 21. Сөз бостандығы және ақпарат алу.....................................................32 22. Жеке өмірді құрметтеу . ......................................................................33 23. Үй және отбасын құрметтеу................................................................34 24. Білім алу...............................................................................................36 25. Денсаулық . ..........................................................................................37

EasyRead - келісімшарттың толық нұсқасына берілген нұсқаулық. Ол заңды құжат емес. Келісімшартта не жазылғанын, оған қандай ел қол қойғанын толық нұсқасынан білуге болады. Толық нұсқасы Біріккен Ұлттар Ұйымының www.un.org/disabilities/ вебсайтында бар. Келісімшарттың толық нұсқасы “Мүгедектігі бар адамдардың құқығы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясы” деп аталады. Мазмұны 60 бетте. 26. Абилитация және оңалту. ...................................................................38 27. Жұмыс істеу. ........................................................................................40 28. Сапалы өмір және әлеуметтік қорғау. ................................................42 29. Саяси өмірге араласу. .........................................................................44 31. Ақпарат жинау......................................................................................47 32. Мемлекеттер бірігіп жұмыс істейді ....................................................47 33. Конвенцияның орындалуын тексеру..................................................48 34. Мүгедектер құқығы жөніндегі Комитет...............................................48 35. Мемлекет есеп береді . .......................................................................49 36. Есеп туралы. ........................................................................................50 37. Мемлекеттер мен Комитет бірігіп жұмыс істейді...............................51 38. Комитет басқа органмен қалай жұмыс істейді?................................51 39. Комитеттің есебі...................................................................................52 40. Мемлекеттердің кездесуі....................................................................52 41. Ақпарат пен есептерді сақтау ...........................................................52 42. Қол қою. ................................................................................................53 43. Келісу және мақұлдау..........................................................................53 44. Мемлекеттер одағы. ............................................................................53 45. Конвенцияның күшіне енуі. .................................................................54 46. Ескерту. ................................................................................................54 47. Конвенцияға түзету енгізу. ..................................................................54 48. Конвенциядан бас тарту. ....................................................................55 49. Конвенцияның түсінікті болуы. ............................................................55 Мазмұны. ....................................................................................................57

Informations clés
Type de document report
Date d'adoption
Source OSCE